«Горизонт Тау-кен Өндірістік Компаниясы» ЖШС 2005 жылы құрылған, жер қойнауын пайдаланушы-компания. 

Берёзовское кен орны Ақмола облысы Зеренді ауданының Кусеп ауылдық округының аумағында орналасқан. Кен орнында 2008 жылдан бастап кен қорын барлау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. 

С2 санаты бойынша 100 м тереңдіктегі қорларды есептеу нәтижелері: кен - 3 930 мың тонна, күміс - 120 т (30,5 г/т), алтын -1,2 т (0,31 г/т).

2012 жылы кен орнын игеру үшін байыту фабрикасы мен инфрақұрылым құрылысын бастау жоспарланған. 

Компания кен орнында жұмыс істеуге Қазақстанның барлық ауданынан жоғары білікті мамандарды тартады.

Байланыс:

·         010000, Астана қ., Иманов к-сі, 11, «Нұрсәулет» бизнес орталығы, 208/2 кеңсе.

Тел.: +7 (7172) 901 831, факс: 901 832.

·         020000, Көкшетау қ., Горький к-сі, 29 «Б», «Капитал» бизнес орталығы, 21 кеңсе.

Тел./факс: +7 (7162) 25 00 36.