11.05.2023
Мемлекет басшысы машина жасаушылар алдында сөз сөйледі

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының ХІ форумы басталды. Форумға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жолдады, Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының үндеуін оқып берді. «Дәстүрге айналған бұл диалог алаңы саланы дамытудың жаңа тәсілдерін іздеуде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Әртараптандырылған экономиканы құру үшін инновация мен озық технологиялар негізінде өңдеуші өнеркәсіптің жедел өсуіе қол жеткізу керек. Осы стратегиялық міндетті шешуде негізгі рөлдердің бірі машина жасау саласына жүктелді. Өткен жылы ұжымдардың қажырлы еңбегі, салиқалы мемлекеттік саясат пен ауқымды қолдаудың арқасында саланың өндіріс көлемі үш триллион теңгеден асты, өнім экспортының ассортименті мен көлемі ұлғайып, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Машина жасау саласының инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру және оның бәсекеге қабілеттілігін нығайту мақсатында менің тапсырмам бойынша тиісті Кешенді жоспар әзірленді. Оны сәтті жүзеге асыру саланың дамуына қуатты серпін беріп, еліміздің тұрақты индустриялық өсуіне маңызды үлес қосатынына сенімдімін. Негізгі міндет – елдің ішкі құндылығын дамыту, жоғары деңгейдегі қайта өңделетін тауарлар өндірісін ұлғайту және экспорттық нарықтарға кезең-кезеңімен шығу. Сіздер оны жеңе алатындарыңызға сенімдімін», - деді Әлихан Смайылов.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/glava-gosudarstva-obratilsya-k-mashinostroitelyam-498725/