13.04.2023
Қазақстанда машина жасауды дамытудың жаңа кешенді жоспары әзірленуде

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаевпен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

Бірлестік басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан саланы дамытудың алдағы 5 жылға арналған кешенді жоспарының негізгі бағыттарына тоқталды. Оның ішінде машина жасау саласының өндіріс көлемін және сатып алудағы ішкі құндылықты арттыру, инвестиция тарту, өндірістік және экспорттық мүмкіндіктерді дамыту, отандық өнімді өткізу нарығын кеңейту және сала үшін білікті кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру. . Кешенді жоспарды жүзеге асыру отандық машина жасау саласын дамудың принципті жаңа деңгейіне шығарады деп күтілуде.

Кездесу барысында салалық кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікті инженерлік-техникалық және салықтық жеңілдіктер бойынша қолдау мәселелері де талқыланды.

Сонымен қатар, Мейрам Пішембаев Премьер-Министрді ағымдағы жылдың 11-12 мамырында өтетін Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына дайындық барысы туралы хабардар етті.

Жиын қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Кешенді жоспар әзірлеу бойынша бірқатар ұсыныстар беріп, саланы дамытуда бизнес-қоғамдастықтың нақты ұсыныстарына баса назар аудару керектігін атап өтті.

tengrinews.kz